1 тамыздан бері елімізде 382 адам коронавирустық пневмониядан көз жұмған
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы тіркелді. 1 адам аталған індеттен көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Оған қоса, 16 адам емделіп шыққан.
1 тамыздан бері барлығы 35965 адам коронавирус пневмониясымен ауырса, 28 223 науқас жазылып шықты. 382 адам көз жұмды.