БҚО-да бес қабатты тұрғын үй өртеніп, 25 адам эвакуацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр

Фото: баспасөз қызметінен

Оралда бес қабатты тұрғын үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Пәтерде жеке заттар мен диван жанған. Соның салдарынан 25 адам эвакуацияланса, оның 9-ы – бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.