Нұр-Сұлтанда екі күнде карантин талаптарын бұзған 90 дерек тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Мамандар екі күнде 400-ге жуық нысанды тексерген

Фото: 24.kz

Соңғы екі тәулікте елордада карантин талаптарын бұзу бойынша 90 дерек анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары мен санитарлық сала мамандары жұма мен сенбі күндері 400-ге тарта нысанды тексерген. Дәмхана, мейрамханаларда талаптар сақталмаған. Адамдар арасында арақашықтық жоқ. Музыканың даусы қатты шығып, жұрттың мазасын алған», - деп жазылған ақпаратта.

Осындай бір ойын-сауық орнына полиция өкілдері барып, карантинге қарамай би билеп, көңіл көтеріп жүрген бір топ адамды анықтады. Дәмхана қонақтары мен қызметкерлері әкімшілік жауапқа тартылды.