Елімізде қауіпті инфекциядан жазылғандар саны – 105 001 адам
Қазақстанда өткен тәулікте 80 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар бойынша:
Қарағанды облысы - 8
Қостанай облысы - 6
Маңғыстау облысы - 43
Павлодар облысы - 18
Түркістан облысы – 5.
Қазақстан бойынша қауіпті инфекциядан жазылғандар саны – 105 001 адам.
«Жалпы, еліміздегі коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайына келсек, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 613 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 012 науқас жатыр. 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Науқастар арасында 81 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.