Коронавирустық белгілері бар пневмониядан кеше 1 адам көз жұмды
2020 жылғы 18 қазанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.
«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 197 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 42 адам емделіп шықты», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.
1 тамыздан бері COVID-19 вирусымен ауырғандар саны – 35 914 адам. 381 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28 207 жетті.