Қостанайда тұрғын үй өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Фото: баспасөз қызметінен

Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үйдің кіреберісі, дәлізі, екі бөлмесі, жиһаз және электр техникасы жанып кетті. Төбе жабынын қоса есептегенде жалпы ауданы 100 шаршы метр аумақ өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр.