Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен тағы 158 адам ауырған
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырғандарға қатысты 158 жағдай тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды және бір тәулік ішінде 47 адам жазылып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылардың барлық саны – 35 717, өлім жағдайлары – 380, жазылып шыққандар саны – 28 165.
«Жалпы, науқастардың арасында 80 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 593 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 жеткіншек бала бар. Стационарларда 1 995 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Айта кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабарланған болатын.