Алматыға шетелден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

15 қазаннан бері Алматы әуежайына келген 232 адамда ПТР анықтама болмаған

Фото: ашық дереккөзден

Алматыға шетелден ұшып келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сөйтіп әуежайда талап күшейтілгелі бері сырттан келген дертті жолаушылардың саны 10 адамға жетті. Шетелдік рейстермен ұшып келетін адамдарға ПТР тестінен алдын ала өту қажеттілігі ескертілседе анықтамасыз келіп жатқан жолаушылар әлі де бар. Ал анықтамасы жоқ жолаушылар бірден оқшауланып, арнайы қонақүйлерге жөнелтілді.

Әуежайдан үйлеріне қайта алмаған жолаушылар қала ортасындағы 4 жұлдызды қонақүйлердің біріне орналасты. Олар алдымен дәрігерлерік тексерістен өтті. Енді нәтижесі шыққанша сонда болады. 

Айта кету керек, 15 қазаннан бері Алматы әуежайына 15 халықаралық рейспен 1529 адам ұшып келіпті. Олардың 232-сінде ПТР анықтамалары болмаған.