Елімізде III тоқсанда қылмыс жасаған 57,2 мың адам анықталды
2020 жылдың III тоқсанында елімізде қылмыс жасаған 57,2 мың адам анықталып, 28,2 мың адам қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың 82,2 пайызы жұмыссыздар.
«Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы топ құрамында болған. Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан 1367 адам немесе 2,4 пайызы - кәмелетке толмағандар», - деп жазылған хабарламада.