Ең көп өсім Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында болды
2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқының саны 18 млн 785 мың адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.
«2020 жылғы 1 қыркүйекке еліміздегі халық саны 18 785,0 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 11066,2 мың (58,9 пайыз), ауылдықтар – 7718,8 мың адам (41,1%)», - делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, былтырғы жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда халық саны 237,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде: Алматы (63,1 мың адам), Нұр-Сұлтан (50,0 мың адам) және Шымкент (31,8 мың адам) қалаларында тіркелді.