Тараз әкімінің орынбасары туған күніне сыйлық алғаны үшін сөгіс алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін әлеуметтік желіде оның сыйлық алған видеосы тараған еді

Фото: ашық дереккөзден

Тараз әкімінің орынбасары Алмас Садубаев туған күніне сыйлық алғаны үшін сөгіс алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысының Этика кеңесі Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевқа қатысты тәртіптік істі қарады. Бұған дейін әлеуметтік желіде кабинетінде отырған Садубаевтың сыйлық алғандағы әсері түсірілген видео тарап кеткен еді», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, қазіргі заң бойына мемлекеттік қызметкерлердің сыйлық алуы тәртіп бұзушылық саналады.