$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2020, 03:55
Жаңалықтар

Қазақстанда B2B Jewelry қаржы пирамидасына 10 мыңнан астам адам ақша салған

Ұйымдастырушылар қымбат бағамен зергерлік бұйымдар сатып, ақша 104% қайтарылатынын айтқан

Қазақстанда B2B Jewelry қаржы пирамидасына 10 мыңнан астам адам ақша салған
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда зергерлік дүкеннің атын жамылған  B2B Jewelry қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Пирамиданы ұйымдастырушылар халыққа қымбат бағамен зергерлік бұйымдарды сатып, жыл соңында 104% кэшбэк түрінде ақшаны қайтарып алатынын айтқан. Сондай-ақ олар арнайы сертификаттарды сатқан. Осы сертификаттың құны мен пирамидаға тартылған адамдардың санына байланысты жылына 520% табыс табуға болатынын айтқан.

Қазір күдікті қамауда отыр. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тінту кезінде қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 миллион теңге, 303 мың доллар және 3,5 мың еуро тәркіледі. Жалпы осы қаржы пирамидасына Қазақстан аумағында 10 мыңнан астам адам ақша салған.

Серіктес жаңалықтары