Қазақстанда алғаш рет есірткі саудасын жарнамалаған адам сотталды
Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Петропавлда есірткі саудасын жарнамалаған және сатқан 28 жастағы тұрғын сотталды. Елде мұндай жағдай алғаш рет болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Ол интернет-дүкен арқылы синтетикалық есірткіні насихаттап, сатып келген. Сот оған 12 жыл жаза кесті. Үкім екі аптадан кейін заңды күшіне енеді.
«8 қазанда Петропавл қалалық соты оны 12 жылға сотталды. Оның бірі есірткі психотропты заттарды насихаттағаны үшін. Және екіншісі ҚР Қылмыстық кодексінің 299-бабы, 1-тармағы бойынша сатқаны үшін сотталды», - деді қалалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Рахат Нұрахметов.
Айта кетейік, 9 айда өңірде нашақорлыққа қатысты 170 заңбұзушылық анықталып, 400 келіге жуық есірткі тәркіленген.