Режимді бұзғандар айыппұл төлейді
Ел билігінің хабарлауынша, мемлекетте COVID-19 жұқтырғандар санының өсуі байқалуда: 100 мың адамға шаққанда 180 адам індет жұқтырған. Бүгінде реанимация бөлімшелерінде 1539 орын бар, ал төсек қорының жалпы саны 5000 орынды құрайды.
Коменданттық сағат 17 қазан мен 1 желтоқсан аралығында кешкі 21-ден таңғы 6-ға дейін енгізіледі. Режимді бұзушыларға қомақты көлемде айыппұл салынады.