Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жауынгерлерге адал әрі сенімді қызмет етуді бұйырды 

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин ел әскерін соғысқа дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Си Цзиньпин Чаочжоу қаласындағы теңіз жаяу әскери корпусының жұмысын тексеріп, «жоғары дайындықты ұстануын» талап етті. Жауынгерлерге адал әрі сенімді қызмет етуді бұйырды. 

Сонымен қатар ол алдағы бесжылдықта әскерді күшейту мәселесі қолға алынатынын мәлімдеді.  

«Біз қазіргі жағдайды ескере отырып, болашаққа деген көзқарасты қалыптастыруымыз керек. Барлығын тыңғылықты зерттеп, қарама-қайшылықтарды шешіп, шынайы қажеттіліктерді өтеуіміз тиіс. Сонымен қатар теңіз жаяу әскерін күшейту қажет» - деді Си Цзиньпин.