Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Оған әр өңір онлайн-форматта қосылады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау», - деп жазды Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік басшылығының қатысуымен Ұлттық кеңестің жұмыс топтарында талқылау өтеді.