$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2020, 14:11
Жаңалықтар

Садыр Жапаров Қырғызстанның заңды премьер-министрі болып тағайындалды

Үкімет басшысын бекіту туралы қаулы президентке жіберілді

Садыр Жапаров Қырғызстанның заңды премьер-министрі болып тағайындалды

Жогорку Кенеш Садыр Жапаровты премьер-министр етіп қайта сайлады. Сондай-ақ Үкіметтің құрамы мен бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков заңнаманың барлық талаптарын сақтай отырып, премьер-министр қызметіне Садыр Жапаровты бекіту мәселесін қайта қарауды және заңды жолмен реттеуді ұсынды.

«Елдегі тұрақтылықты сақтау және нығайту үшін біздің барлық шешімдеріміз заңды болуы және күмән тудырмауы тиіс», - деп атап өтті Жээнбеков.

Осыған байланысты бүгін, 14 қазанда депутаттардың кезекті отырысы өтті. Онда Жапаровтың Үкімет басшысы лауазымына кандидатурасы мақұлданды. Бекіту туралы қаулы президентке жіберілді.

Айта кетерлігі, бұл – депутаттар премьер-министрді сайлап жатқан үшінші отырыс. Алайда, Бішкектің орталығында Садыр Жапаров жақтастары бастаған митинг әлі басылар емес. 

Еске салайық, 10 қазанда Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болып тағайындалды. Заңгерлер шешімнің заңдылығына күмән келтірді - Парламент регламентінің бірқатар рәсімдері бұзылды. Осыдан бірнеше күн бұрын депутаттар Жапаровты премьер-министр деп бекітті, бірақ содан кейін заңбұзушылықтар болды деп хабарланды.

6 қазанда Жапаров Бішкектегі Ақ үйді басып алған демонстранттар көмегімен колониядан босатылды. Колонияда ол 2013 жылы Қаракөлде митинг ұйымдастырғаны үшін жазасын өтеп, Құмтордың алтын кен орнын мемлекет меншігіне алуды және сол кездегі губернатор Эмильбек Каптагаевты кепілге алуды талап етті. Осы қылмыстары үшін сот оны күшейтілген режимдегі мекемеде 11,5 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Серіктес жаңалықтары