Қазақстанда ПТР-тест тапсыру бағасы 22%-ға арзандайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта зертханалар тәулігіне 48 мыңға жуық тест жасай алады

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанда ПТР-тестілеу құны 22% арзандайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі ПТР-зерттеу тарифін 22%-ға төмендетуді ұсынды. Жеке қорғаныс құралдары мен тест құны арзандайды. Тариф бағасы тиісті келісімнен кейін, яғни осы айдың соңына дейін бекітіледі», - деді министр ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізіп, халықты тестілеуден өткізу қарқыны төмендегенін, күніне орта есеппен, 40 мыңнан 60 мыңға дейін зерттеу мүмкіндігі бар 18 мың зерттеу жүргізілетінін айтты.

Алексей Цойдың айтуынша, өңірлерді зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандарды оқыту жұмыстары нәтижесінде жалпы тестілеу қуаты тәулігіне 63 мыңға жетпек.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан