Еліміз бойынша 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта елімізде коронавирустық инфекциядан 2 862 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың арасында 88 бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр, 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы, науқастардың арасында 79 адамның халі нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ДСМ хабарламасында.