Төрт күн бұрын ғана індет жұқтырғандар саны 37 млн болатын
COVID-19 індетінің пандемиясы басталғалы әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 38 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.
Індетті ең көп жұқтырғандар АҚШ (7,85 млн), Индия (7,17 млн) және Бразилияда (5,1 млн) тіркелді. Ресей 4-орында, бұл елде 1,31 млн адам індет жұқтырған.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 күн ішінде 1 млн адамға көбейді. 10 қазанда ғана COVID-19 вирусы анықталғандар саны 37 млн болатын.