Сәрсенбі күні екі облыста үсік жүреді
14 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның шығысында жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.