Ол коронавирус бойынша сандар көңіл қуантпайтынын жеткізді
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жағдай күрделеніп бара жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook-те жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгін жақын досымның COVID-19 жұқтырып алғанын естідім. Жағдай қиындап кеткенше мені мазалағысы келмепті. Өкпесі 20 пайызға зақымданған. Пневмония», - деп жазды Бағдат Қожахметов.
Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі елдегі эпиджағдай қиындап бара жатқанын хабарлады.
«Біз тағы да босаңсып кеттік. Коронавирус бойынша сандар көңіл қуантпайды. Көршілес Ресейдегі жағдай біздің елдегі маусым-шілде айларындағы ахуалға ұқсас. Таңдау әрдайым өзімізде», - деп ескертті ол.