Шығыс Қазақстан облысында 1 қыркүйек пен 11 қазан аралығында 58 оқушы коронавирус жұқтырған. ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, науқастардың 34-і кезекші сыныптарда білім алса, қалған 24 бала қашықтан оқыған.
Аудандар бойынша:
- 11 оқушы - Алтай ауданы (2 қашықтан / 9 оффлайн);
- 10 оқушы - Глубокое ауданы (6 қашықтан / 4 оффлайн);
- 11 оқушы - Риддер қаласы (1 қашықтан / 10 оффлайн);
- 7 оқушы – (Семей қаласы (6 қашықтан / 1 оффлайн);
- 8 оқушы - Өскемен қаласы (6 қашықтан / 2 оффлайн);
- 5 оқушы - Көкпекті ауданы (3 қашықтан / 2 оффлайн);
- 2 оқушы - Шемонаиха ауданы (0 қашықтан / 2 оффлайн);
- 2 оқушы Курчатов қаласы (0 қашық / 2 оффлайн).
- 1 оқушы - Күршім ауданы (0 қашықтан /1 оффлайн);
- 1 оқушы - Катонқарағай ауданы (0 қашықтан /1 оффлайн);