Онда күніне 10 500 тест жасауға мүмкіндік бар
Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын 17 зертхана бар. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Аkimat LIVE тікелей эфирі барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Жазда зертханаларда біраз проблемалар туындады. Зертханаларда жұмыс істейтін мамандар ауырып қалды. Сонымен қатар зертханалардың саны шектеулі болды. Тестер бітіп қалды. Сондықтан, зерханалардың жұмысы бір аптаға тоқтап қалды. Десекте, республика бойынша біздің қалада зертхана көп болды. Қазір дайынбыз. Күніне 10 500 тест жасай аламыз. Қажет болса, 21000-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда зертханалармен ешқандай проблема жоқ. Мегополисте 17 зертхана жұмыс істеп тұр»,– деді әкім.