Көкшетауда жедел-жәрдем қызметкерлері үстемақы ала алмай отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тіпті, тиісті қаражатын талап еткені үшін жас маман жұмыстан қуылған

Фото: ашық дереккөзден

Сovid-19-бен күресте алғы шепте болған ақ халаттылар әлі күнге үстемақыларын ала алмай жүр. Көкшетау іргесіндегі Красный Яр ауылының медицина қызметкерлері оны талап еткендері үшін жұмыстан қуылғандарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Көкшетаулық Фариза Шайсұлтанова сәуір айында ғана ауруханаға жұмысқа кірген. Вирус өршіген кезде оны еркінен тыс ауыр науқастарды емдеуге мәжбүрлегенімен қоймай, құрал-саймандарын да түгендеп бермепті. 2 ай бойы арнайы топта фельдшерлік қызмет атқарған жас маман, тиісті қаражатын талап еткені үшін жұмыстан қуылғанына айтты.  

«Тек жай ғана өкпесін тыңдайтын фонедоскоп болды. Және де дене қызуын тексеретін термометр ғана болды. Басқа түк бізге берген жоқ. Костюм берілмейтін. Маған жұмыстың бағытын да түсіндірген жоқ. Тек мобильная группа деді», - дейді Красный Яр ауылының тұрғыны Фариза Шайсұлтанова.

Жұртты емдеймін деп жүріп, Фаризаның өзі де вирус жұқтырған. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, аталған емдеу мекемесінен түскен 6 дәрігердің үстемақысына қатысты өтініштерді  комиссия мүшелері әлі қарап жатқанын жеткізді.