Елімізде жылжымалы автоүйлер мен авокеруендерді жалға алу көрсеткіші бірашама артқан
Бізге батыс елдерінің демалыс мәдениетінен үлгі алу керек. «Қазақстанда белсенді демалысты дамыту» тақырыбы аясында өткен брифингте экотурист Әсселина Сайлаубекова еліміздегі демалу мәдениетінің әлі де ақсап тұрғанын ескере отырып, шетелдік тәжіриеден сабақ алу керек екенін айтты.
«Экотуристер батыс елдерінің тәжірибесінен үлгі алғаны абзал. Оларда «Leave No Trace», яғни «Із қалдырма» деген қағида бар. Бұл – табиғат аясында оған зиян келтірмей, мәдениетті түрде демалуға арналған ережелер тәртібі. Біз де соны үйренуіміз тиіс!» - деді Ә. Сайлаубекова.
«Leave No Trace жеті ережеден құралған:
Сонымен қатар, Алматы облысының туристік кластері қауымдастығының мүшесі, «Жібек Жолы» ЖШС директоры Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта автотуризим саласындағы кемпингке сұраныс өте жоғары. Жылжымалы автоүйлер мен авокеруендерді жалға алу көрсеткіші бірашама артқан. Бұл Қазақстан үшін өте қызықты әрі маңызды демалыс түрі. Өйткені елімізде аталған бағытты дамытуға мүмкіндік көп.