Үндістанда COVID-19 жұқтырғандар саны 7 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 75 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған

Фото: ашық дереккөзден

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 млн-ға жетіп, әлем бойынша коронавирустан ең көп зардап шеккен АҚШ-тағы көрсеткіштерге жақындап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

«Үндістанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өткен тәулікте 75 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Осы уақытта коронавирустан 108 мыңнан астам үндістандық көз жұмды», - деп жазылған ақпаратта.