Рейс кезінде ақау туралы хабарлама пайда болды
Алматы – Қостанай рейсін орындайтын FlyArystan әуекомпаниясының ұшағы Алматы әуежайына қайта оралды. Рейс кезінде дабыл қағылып, ақау туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі ком панияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Техникалық регламентке сәйкес рейсті жалғастыруға рұқсат етілді, бірақ авиакомпанияның шешімімен әуе кемесі Қостанай әуежайында инженерлік қызмет болмағандықтан ұшу әуежайына қайтарылды», – деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта ұшақты одан әрі пайдалануға рұқсат етілген. Экипаж жұмыс уақытының тығыздығына байланысты ауыстырылды. Әуе компаниясы жолаушылар Қостанайға 19.20-да ұшқанын хабарлады.