Қалдық арнайы қондырғыда жағылып, жойылуы керек еді
Атырау қаласының Экология департаменті әлеуметтік желіні бақылау барысында ескі қоқыс полигонының маңындағы шұңқырда медициналық қалдықтардың өртенгенін, алайда олар арнайы қондырғыда жағылып, жойылмағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
«Бұл қалдықтарды «AG Disinfection services» ЖШС өртегені анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция департаментіне тапсырылды», - дейді Экология департаментінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлы.
Бүгінде ҚР ҚК 332-бабы («Жерді бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.