5 шілдеден бастап санитарлық талаптарды бұзғандарға 895 млн теңге айыппұл салынған

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері 15 мың 800 хаттама толтырған

Фото: ашық дереккөзден

5 шілдеден бері полиция қызметкерлері санитарлық-эпидемиологиялық талапты бұзғандарға қатысты 15 мың 800 хаттама толтырған. Салынған айыппұлдың жалпы мөлшері 895 млн теңге шамасында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Тәртіп бұзушылық деректері әсіресе, Алматы қаласында көп тіркелді. Мұнда 3 мың 837 хаттама толтырылған. Түркістан мен Қостанай облыстарында да санитарлық талаптарға салғырт қарағандар жеткілікті», - деп жазылған хабарламада.