Тойда 50 адам болған
Ақтауда карантин талаптарын бұзып, той жасағандар жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Маңғыстау облысының Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметінің мамандары мен қоғамдық коммуникация орталығының түсірілім тобы Ақтау қаласының мейрамханаларына рейд жүргізді. Рейд кезінде «Ақсұңқар» мейрамханасында 50 адамға арналған той өтіп жатқаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Кәсіпкерге 230 АЕК көлемінде айыппұл салды.