Бұл облыстарда күн суытып, қатты жел соғады
11 қазанда Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
11 қазанда Қызылорда облысында 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Ақмола облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.
Жамбыл облысында тұман түседі, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 3 градусқа дейін үсік жүреді.