15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Қазіргі уақытта коронавирустан 2 991 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 991 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 74 бала бар. Стационарларда 1 950 науқас жатыр. 1 041 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - деп жазылған ақпаратта.
Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.