Қазақстанда тағы 233 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте 1 өлім жағдайы тіркелді

Фото: ашық дереккөзден

Сoronavirus2020.kz сайты 10 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 233 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 21 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 617, 365 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 618 жетті», - деп жазылған ақпаратта.