Еліміздің алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Республиканың солтүстік аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін
Қазақстанның алты облысының аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгиромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
Ал Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз, 10 қазанда тәулік бойы тұман түседі, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 жетеді.
Петропавлда ертең күндіз, 10 қазанда тәулік бойы батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде 9 қазан күні түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
Шымкентте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Түркістан қаласында ертең күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел соғалды. Түнде 1-3 градус суық болады.