$ 515.03  584.82  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.10.2020, 14:53
Жаңалықтар

Сатылымға шығарылған Шымкент әуежайы өтпей қалды

Тендерге қатысушылардың саны екеуден кем болған

Сатылымға шығарылған Шымкент әуежайы өтпей қалды
Фото: аeroport.kz

5 қазанда Шымкент әуежайы сатылымға қойылғаны хабарланды. Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Шымкент қаласының әуежайы» АҚ сатып алу құқығымен 10 жылға сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жариялады. Өтінімді тек үш апта – 18 қыркүйектен 8 қазанға дейін қабылдайды.

Бүгін өтінім қабылдау күні аяқталды. Алайда, сатылымға шығарылған Шымкент әуежайы өтпей қалды. Электрондық сауда алаңы e-auction.gosreestr.kz порталындағы мәліметке сүйенсек, тендерге қатысушылардың саны екеуден кем болған.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Шымкент қаласының әуежайын 10 жылға сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурстың әділ өтіп жатқанына күмән келтірді және сатылымды қайта қарауды талап етті.

Серіктес жаңалықтары