Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 44 %-ға азайды
Қоғамдық орындарда қылмыс жасау саны өткен жылмен салыстырғанда 44 %-ға азайды. Елорданы цифрландыру бағыты бойынша жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін берді, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов.
«2017 жылы «Сергек» жобасы іске қосылды. Соңғы 10 айдағы көрсеткіш бойынша, былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, жол-көлік апаты оқиғалары 40 %-ға азайды. Сәйкесінше, көлік апатының салдарынан зардап шегушілер саны да қысқарды, 50 % аз тіркелді»,- деді Даниял Айткенов.
Бейнебақылау камералары орнатылған соң, елордада қылмыс саны да қысқарған.
«Криминогенді деп саналатын жерлерге камералар орнату арқылы қоғамдық орындардағы қылмыс саны 44 %-ға азайды»,- деді спикер.
Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан