Президент әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуын көру үшін Алматы облысына келді. Бұл туралы Президентттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Президент — ҚР Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды», - деп жазды ол.
Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған.