Алматы қаласында 8 ай ішінде 1838 жол-көлік оқиғасы тіркелген
Қазақстанда 1 қаңтар мен 21 тамыз аралығында 7,5 мыңнан аса жол апаты болған. Мұндай деректі ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жариялады.
Жол-көлік оқиғасы ең көп тіркелген өңірлердің қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы енген. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы көрсеткіш Алматымен салыстырғанда 7,7 есеге аз. Жол апаты ең аз тіркелген өңірлерге Маңғыстау облысы мен СҚО енген.