Алмазбек Атамбаевтың қамаудан шыққаннан кейінгі фотосы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол көтереліске шыққан халықтың алдында сөз сөйлемекші

Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының өкілі Кундуз Жолдубаева өзінің Facebook-парақшасына елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың бостандықтағы фотосын жариялады. Ол бұған дейін Бішкектегі уақытша ұстау изоляторында отырған.

«Алмазбек Шаршенович барша халыққа жалынды сәлем жолдайды»,  - деп жазды Жолдубаева өзінің Facebook-парақшасында.

Бұған дейін Атамбаевтың Ала-Тоо алаңына барып, халыққа үндеу жариялайтыны хабарланған болатын. Алайда, ол әлі көпшілік алдына шыққан жоқ. Оның қайда екені де белгісіз.

Айта кетейік, көтерілісшілер түрмеде жазасын өтеп жатқан экс-премьер Сапар Искаковты да түрмеден босатты.