Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Ақмола, Маңғыстау, Қостанай облыстарында 13 қарашада тұман түсіп, көктайғақ, болады

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 13 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Екпіні - 18 м/с.