Павлодарда 110-нан астам үй жылусыз отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар 69 үй ыстық сусыз қалған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда 1145 көпқабатты тұрғын үй (90%) жылу жүйесіне қосылып, 1165–і (90% - дан астам) ыстық сумен қамтылған. Қазір 112 үй жылусыз, 69 үй ыстық сусыз қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жылудың болмауының себептерінің жартысы жылу желілеріндегі аварияларға байланысты. 36 үй ПИК-тің дайын болмауына байланысты жылусыз қалған. Қалған 20 үй «Дачный» шағынауданында орналасқан. Мұнда барлық жөндеу жұмыстары аяқталған, қазір жүйені сумен толтыру жүріп жатыр. Бұл аудан тұрғындары жылуға 5 қазаннан бастап қосылады», - деп жазылған хабарламада. 

«Павлодарэнерго» АҚ өкілдерінің айтуынша, Павлодар бойынша жылуды қалыпты іске қосу үшін 20 күн қажет, ал бүгін жылыту маусымы басталғаннан бері 12 күн өткен.