ШҚО-да жылқы ұрлағандар 6 адамға 14 млн теңге залал келтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Сот процесі жүріп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында 2018 жылы екі ай бойы жайылымнан жылқы ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

«Көкпекті және Жарма аудандарында жылқы ұрлаумен айналысқан Ұлан ауданының 41 және 55 жастағы екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс аяқталды. Олардың әрекетінен 6 адам зардап шеккен. Ұрлықшылар 14 млн теңге залал келтірді», - деп жазылған хабарламада.

Олар ұрланған малды сатып отырған. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр.