Әзербайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыс 27 қыркүйек күні басталған еді
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев «Әл-Джазира» телеарнасына берген сұхбатта Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату шарттарын атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісіАЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
«Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Менің талаптарым халықаралық құқық талаптарына толық сай келеді, себебі бүкіл әлем Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қолдап отыр. Әлемдегі ешбір мемлекет Таулы Қарабақ Республикасын мойындамаған. Қақтығыс тоқтатылуы үшін олар біздің жерімізден кетуі керек. Сол кезде ғана соғыс тоқтайды», - деді Әлиев.
Естеріңізге сала кетсек, Әзербайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыс 27 қыркүйек күні басталған еді.