Иранда коронавирус белгілерін жасырғандарға айыппұл салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы елдің президенті айтты

Фото: ашық дереккөзден

Иранда коронавирус белгілерін жасырып, маска режимін сақтамайтындарға айыппұл салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

«Тәртіптің жоғы жағдайымызды қиындатып отыр. Бізге бақылауды және мониторингті күшейту қажет. Тәртіп бұщғандарға айыппұл салынады. Ауруын жасырғандар да айыппұл төлеуі керек», - деді Иранның президенті Хасан Роухани.

Сонымен қатар ол вирус жұқтырғандар санының арутына байларысты Тегеранда жаңа шектеу шараларф енгізілетінін мәлімдеді. Атап айтқанда, қалада бір апта бойы университет, мектеп, театр мен кинотеатрлар жұмыс істемейді.