Павлодар облысында бұқа иесін сүзіп өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Ақжол ауылы тұрғынының денесі даладан табылды

Фото: vistapointe.net

Өз бұқасы сүзіп өлтірген Павлодар облысы тұрғынының денесі даладан табылды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 қыркүйек күні таңертең Ақсу ауданы Ақжол ауылының тұрғыны сарайда бордақыланып тұрған бұқаның босап шығып, ауыл сыртындағы табынға қарай бет алғанын көреді.  

«Мал иесі бұқаны қайтармақ болып, артынан кетеді. Әкесінің ұзақ уақыт бойы оралмағанына алаңдаған ұлы оны іздеуге шығып, 62 жастағы ер адамның денесін ауыл маңынан табады. Дене жарақаттарының сипаты бұқаның өз иесін сүзіп өлтіргенін көрсетті», - дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалған.