Оның әйелінен де COVID-19 анықталды
АҚШ президенті Дональд Трамп әйелі екеуінен де коронавирус анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Бүгін Меланье екеуіміз COVID-19 сынамасынан оң нәтиже алдық. Алдағы уақытта карантинде оқшауланамыз және бірден ем шараларын бастаймыз. Біз бұл қиындықтан да бірге өтеміз», - деп жазды Трамп Twitter-де.