Оның көмекшісінен коронавирус анықталған
Трамп COVID-19 вирусына тест тапсырып, карантинге кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
АҚШ Президенті өзінің жақын көмекшілерінің бірінен коронавирус анықталғанын растады. Сондықтан Дональд Трамп пен әйелі Меланье коронавирусқа тест тапсыруға мәжбүр болған.
«Иә, көмекшімнен коронавирус анықталды. Ол өте көп жұмыс істейді. Мен жаңа ғана тест тапсырдым», - деді Трамп Fox News телеарнасының эфирінде.
АҚШ лидерінің айтуынша, әйелі екеуі тест нәтижесін карантинде жатып күтеді.