Шымкентте мекеме басшысына 1500 доллар пара бермек болған әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қамауда отырған күйеуінің жазасын ыңғайлы жағдайда өтеуіне ықпал етуді сұраған

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте жазасын өтеушінің әйелі мекеме басшысына пара бермек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/11 (қауіпсіздігі аралас) мекемесінің басшылығына 30 қыркүйек сағат 10:00 шамасында, қамауда отырған адамның азаматтық некедегі әйелі күйеуінің жазасын ыңғайлы жағдайда өтеуіне ықпал етуін сұрап, 1 500 АҚШ долларын заңсыз сыйақы пара беру кезінде ұсталды», - деп жазылған ақпаратта.