Жеке аулаларда 23 854 құс өлімі тіркелді
Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құс өлімі тоқтады. Бұл туралы ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Тәулік бойынша құс өлімі қарқынының төмендеуін көрсетеді. Мәселен, соңғы тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында өлім тоқтады. Сонымен қатар, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында өлім азайып келеді», - деді ол.
Жалпы, құс өлімі 7 облыстың 99 елді мекенінде тіркелген. Жеке аулаларда 23 854 құс өлімі тіркелді. Ал екі құс фабрикасын қоса алғанда өлген құстың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.
Жеке аулаларда 23 854 құс өлімі тіркелді.